.RU

Смаилова Д. О., Шайханова Г. С. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰҮ, Астана

Дата18.02.2017өлшемі184.25 Kb.
УДК65.0(075.8)

Смаилова Д.О., Шайханова Г.С.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰҮ, Астана
ҰЙЫМДАҒЫ КАПИТАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

Түйін

Мақалада кәсіпорындардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелестік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы факторлары қарастырылған. Әрине, кәсіпорындар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады. Алайда, меншікті капитал кәсіпорындардың экономикалық-әлеуметтік дамуы мәселелерін шешу үшін жеткіліксіз, сол себепті кәсіпорындар өз қызметі барысында шеттен қаражаттар тартуларына мәжбүр болады. Дәлірек айтсақ, қарыз қаражаттар тарту кәсіпкерлікті дамытудың басты шарты болып табылады.



Кілтті сөздер: ұйым капиталы, басқару, меншікті капитал, табыс, стратегия, бәсекелестік орта.

Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдады.

Капиталдың алғашқы қорлануы өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге – идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.

Бұл жағдай Еуропада XVI-XVІІІ ғғ. орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етгі. Miнe, капиталдың алғашқы қорлануы кәсіпкерліктің әлеуметгік-экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілеттеріне жол ашты.

Біріншіден, еңбек «бостандық алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шектелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін көретін адамдардың көбеюі - бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.

Капиталдың алғашқы қорлануының экономикалық негізін шаруалар мен қолөнершілердің жаппай экспроприациялануы құрайды. Тауарлық-ақша қатынастарының дамуы, ұсақ өндірушілердің іріктеліп жіктеле беруін күшейте түсті, ұсақ қолөнершілер мен шаруалар ыдырай бастады. XVI-XVIII ғғ. батыс Еуропада мемлекет бірнеше заң қабылдау арқылы жұмысшы табының қалыптасуына елеулі ықпал етті. Бұл заңдар тарихқа «экспроприацияланғандарға қарсы қанды заңдар» атымен кірді. Өйткені бұл заңдар экспроприацияланған өндірушілерді жалданып жұмыс істеуге зорлықпен көндіруді көздеді және оларды капиталистік еңбек тәртібіне бағындырды.

Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыққа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихы классикалық мысал бола алады - бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, «қоршап тастау» әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу кең өpic алды.

Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары - сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік - екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды.

Өнеркәсіптік буржуазияның қалыптасуының алғашқы қадамдары, мүліктік жіктелумен байланысты, қолөнершілер ортасында дами бастаған. Бөлініп, кәсіпкер бейнесін алған, аса бай цех шеберлері және саудагерлер - сатып алушылар, ыдыраған ұсақ өндірушілердің жалдама еңбегін пайдалануды кеңейтті. Бірақ бүкіл әлемдік нарықтың дамуы, капиталды қорландыру қарқының жоғарылатуды талап етті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттің үкімет ақпараты кең пайдаланылды.

Капиталдың алғашқы қорлануын тездетуге, отарлық, соғыстар мен басып алған отарлар халқын шексіз тонау, мемлекет қарызы мен салық жинаудың өсуі өз үлесін қосты.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің шаруашылық және инвестициялық қызметтерінің тиімділігі көбіне оның капиталының қалыптасу ерекшеліктерімен, сондай – ақ ол инвестицияның қандай көздерін және қандай арақатыста пайдаланатындығымен анықталады [1, 30 б.].

Компания капиталын қалыптастырудың негізгі мақсаты – даму динамикасын және жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, оның операциялық және қаржылық қызметтерінің қаржыландыру көздеріне мұқтаждығын қамсыздандыру, сондай – ақ меншік иелері және менеджерлер таңдаған, оңтайландыру критерийлерінің негізінде компанияның біршама тиімді жұмыс істеуі үшін талаптарды қамсыздандыру тұрғысынан осы көздердің құрылымын теңгерімділікке жеткізу болып есептеледі.

Мәлім болғандай, компания қызметінің жоғары түпкілікті нәтижелерге жетуі пайдаланылатын капиталдың құрылымына едәуір дәрежеде байланысты болады.

Қаржылық әдебиеттерде капитал құрылымының мәселесі ретінде танымал, инвестиция көздерінің құрамын және құрылымын анықтау мәселесі тек, Қазақстан компаниялары үшін өзекті емес. Объективті себептер бойынша капитал құрылымы теориясы шетелде ХХ ғасырдың ортасында – ақ әзірлене бастады, алайда Р. Брейли және С. Майерстің мойындауы бойынша «осы уақытқа дейін капитал құрылымының көпшілікке танымал үйлесімді теориясы жоқ» [2, 102 б.], бұл «капитал» және «компания капиталының құрылымы» ұғымдарының анықтамасының көп болуымен, сондай – ақ компания қызметінің өзгешелігін және қарастырылатын инвестициялық жобаның ерекшеліктерін ескеруге болатын, капиталдың «тиімді» құрылымын есептеудің көпшілік қолданатын әдістемесінің жоқ болуымен дәлелденеді.

Осыған орай, шаруашылық жүргізуші субъектілердің капиталының және сондай – ақ оның көздерінің құрылымын талдаудың қажеттілігі және маңыздылығы айқындала бастады. Бірақ, алдымен жетекші отандық және шетелдік қаржыгерлердің пікірін ескере отырып, «капитал» және «компания капиталының құрылымы» ұғымдарының мазмұнының өзін анықтау керек болады.

Күрделі және көпқырлы табиғаты бар, тұғырлы қаржылық санаттардың бірі ретінде капиталды зерттеумен ғалымдар, XVII ғасырдан бастап айналыса бастады. У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркстің, қаржылық көзқарастың өзге «классиктерінің» және «неоклассиктерінің» күшімен капитал айналымы және өндірілуі, қалыптастыру мәселелері айтарлықтай терең зерттелген. Кейбір отандық және шетелдік зерттеушілердің «капитал» ұғымы анықтамасына көзқарастарын қарастырамыз (кесте 1) және оларды түсіндіреміз.


Кесте 1. «Капитал» түсінігінің тарихи тұжырымдамалары


Автор

Ұғымның анықтамасы

К. Маркс

Капитал – бұл зат емес, бірақ затта көрсетілген және осы затқа ерекше қоғамдық сипат беретін, нақты, қоғамдық, қоғамның белгілі тарихи формациясына жататын, өндірістік қатынастар [3, 380 – 381б.]

А. Смит

Қорлар екі бөлікке бөлінеді. Табыс алу күтілетін, бөлігі, оның капиталы деп аталады [4, 404 б.]

Кеңестік энциклопедиялық сөздік

Капитал – бұл капиталистердің жалдамалы жұмысшыларды пайдалануы нәтижесінде қосымша құн әкелетін, құн. Кедейленудің және тікелей өндірушілерді өндіріс құралдарынан күштеп айырудың және соңғысының капиталистік кәсіпкерлердің қолына шоғырлануының нәтижесінде жұмыс күші тауарға айналатын, тауарлық өндірістің дамуының белгілі сатысында пайда болады [5, 539 б.]

В. Ле-Кутре

Мүлік, жалпы алғанда, кәсіпорынның қуаты оның болуына, оның көлеміне және құрамына байланысты болуы себепті, капитал деп аталады [6, 110 б.]

GAAP и IAS халықаралық бухгалтерлік есеп бойынша анықтама

Жеке кәсіпорындардағы акционерлік және меншікті капиталдың жиынтығы [7, 80 – 81 б.]

С.Ю. Вайнштейн

Ең жалпы, кең таралған анықтамада капитал меншік иесіне табыс әкелетін, меншікті білдіреді, «капитал» ұғымы объектінің немесе жүйенің қол жеткізген сапасының (барлық кәсіпорындар осылай болады немесе тым болмағанда, болуы керек) сапаның стандартты деңгейіне қатынасы деп түсінуге болатын, «тиімділік» ұғымымен органикалық байланыста [8, 317, 320 б.]

И.А. Бланк

Капитал – бұл қаржылық жүйеде жұмыс істеуі нарықтық қағидаларға негізделетін және уақыт, тәуекел және өтімділік факторларымен байланысты болатын, табыс алу мақсатындағы инвестициялық ресурс және өндіріс факторы ретінде қаржылық үдеріске оның меншік иелерімен тартылған, ақша қаражаты және шынайы капиталдық тауар нысанындағы қаржылық игіліктердің сақтау жолымен жинақталған қоры [9, 21 б.]

В.В. Ковалев

Капитал қаражат көздерін, яғни баланстық пассивін, [бұл] қаражаттың ұзақ мерзімдік көздерін бейнелейді [10, 223, 608 б.]

Г.В. Савицкая

Капитал – бұл түсім алу мақсатында өзінің қызметін іске асыру үшін шаруашылық жүргізу субъектісінің қолында болатын, ұзақ мерзімдік қаражат [11, 423 б.]

Ақпарат көзі: Әдебиеттер негізінде алынған

Көріп отырғанымыздай, капиталдың негізгі қасиеттері мен мәнін сипаттауға бағытталған, зерттелетін қаржылық санаттың бірін – бірі толықтыратын көптеген анықтамасы бар.

Сол немесе басқа авторлардың капиталдың ішкі мәнін бөліп көрсетуіне байланысты осы ұғымның қолда бар түсініктемелерін жіктеген дұрыс.

Бірқатар қаржыгерлер – классикалық қаржы мектебінің өкілдері (А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және басқалар.) капиталды қосымша құн әкелетін, құнмен салыстырады, бұл ретте қосымша өнім жасау тұжырымдамасына, сондай – ақ адамдардың қоғамдық өндіріс барысындағы өндірістік қатынастарының ерекшеліктеріне сүйенеді. Осыған қатысты олардың пікіріне мысалы, С.Ю. Вайнштейн және И.А. Бланк қосылады [9, 21 б.].

Айтылған пікірлермен, шыныменде, келіспеске болмайды, өйткені жиынтықтай келгенде капиталдың өндірістің және қоғамның дамуының негізгі факторы болуы қиындау; сондай – ақ, бұл субстанция өзінің қаржылық мәніне қарай, ол меншік иесіне табыс әкелуге және өзінің бастапқы құнын өтеуге қабілеттілік байқатқан жағдайда ғана капитал ретінде қарастырылады. Алайда, капиталдың мәнін ұғынуға айтылған көзқарас кемшіліксіз емес. Атап айтатын болсақ, капитал айналымы және өндірілуі мәселелерін зерттеу кезінде оны қалыптасу көздері, олардың құрамы және капиталдың құрылымы мүлдем назардан тыс қалады.

Кейбір авторлар (В. Ле-Кутре, И. Фишер, Дж. С. Милль және басқалар.) капиталды кеңінен – жинақталған байлық, меншік иесінің мүлкі және т.б ретінде қарастырады. Алайда, біздің ойымызша, мүндай түсіндіру зерттелетін құбылыстың қаржылық мәнін ашпайды, өйткені капитал – мүліктің статикалық жағдайы емес, бұл алдындағылармен белгіленген, осы субстанцияның уақыт бойынша құнының өзгеру үдерісімен байланыстағы, өте жоғары дәрежелі абстракциядағы санат

Біз көзқарастарымен келісетін, В.В. Ковалев, Г.В. Савицкая талданатын санаттың жоғарыда қарастырылған, сапалық сипаттамаларын толықтырады және капиталды қаражаттың дәл ұзақ мерзімдік көзі ретінде анықтайды, бұл капиталдың инвестицияны қаржыландыру көздерімен арақатысына байланысты қарайтын болсақ толықтай негізді, ал өзінің мағынасы бойынша авансыланған капитал болып есептелмейтін, қысқа мерзімдік пассивтер жағдайында ол туралы толық көлемде айтуға болмайды [11, 223 б.].

Капиталдың мәніне қатысты ғалым – қаржыгерлердің жоғарыда келтірілген көзқарастарын қорытындылай келе, осы зерттеудің мақсатында капитал деп, оның материалдық және материалдық емес нысанындағы ақшалай бағасы бар және қолайлы жағдай болған кезде табыс әкелуге және өзінің алғашқы құнын өтеуге қабілеттілік байқататын, құнға ие, мүлікті, ал Г.В.Савицкаяның жағын қолдай отырып, компания капиталы деп, шаруашылық жүргізу субъектісінің қолындағы, түсім алу мақсатында өзінің қызметін іске асыруға арналған ұзақ мерзімдік қаражатты есептейтіндігімізді айта кеткіміз келеді [12, 223 б.].

Капитал термині кәсіпорынның активтерін талдау және сипаттау үшін жиі қолданылады. Яғни негізгі (ұзақ мерзімді активтер, аяқталмаған өндіріс) және айналым (кәсіпорынның барлық айналым қаражаттары) сипатындағы капитал түрлерін айтамыз. Капиталдың бүл түрлері экономистер арасында «кеңінен таралған.

Капитал ұғымы ақшалай, материалдық және материалдық емес түрдегі анықтамалар бойынша беріледі. Бұл жағдайда капитал мүліктік кешен түрінде қарастырылады. Мүлік иесі болашақта табыс ала алады, яғни капитал пәндік және құндық формада кездеседі. Пәндік формада қорлар есебінде, ал құндық формада қаражаттар есебінде болады. [12, 281б.].

Капитал - қаржы менеджментінің ішіндегі ең жиі қолданылатын экономикалық категория болып табылады. Кәсіпорынның құрылуы мен дамуының ең негізгі экономикалық базасы бола тұра, кәсіпорын өзінің қызметі кезінде жұмысшылардың, мемлекеттің қызығушылығын қамтамсыз етеді. Қаржылық менеджментте кәсіпорынының капиталы, оның активінің құрылуында инвестицияланған, материалдық, материалдық емес, ақшалай формадағы қордың жалпы құнын сипаттайды.

Капиталды бірнеше жүздеген жылдар зерттеудің нәтижесінде оның мәнінің сипаттамалары айтарлықтай толық және мазмұнды баяндалды. Алайда, компания капиталының оны қалыптастыру көздерімен өзара байланысы, сондай – ақ капиталдың құрылымы, оның тиімділігі және уақыт бойынша өзгеру мәселелері жете зерттелмеген болып қала береді.

 Өндірістегі капиталды басқару мына маңызды тапсырмаларды шешуге бағытталған:

1. Капиталдың жеткілікті көлемін қалыптастыру өндірістің экономикалық дамуына қажетті қарқынды қамтамасыз етеді. Бұл тапсырма өндіріске қажетті ықпалдарды қаржыландыру үшін капиталдағы жалпы қажеттіліктерді анықтау жолында, айналымдар мен олардан тыс ықпалдарды қаржыландыру сызбасын қалыптастыру үшін, қаралған қайнар көздерден тартылған капиталдағы әртүрлі қалыптарының іс-шаралары жүйесінің дамуы үшін іске асырылады.

2. Қолдану бағыты мен іс-шаралар түрлері бойынша қалыптасқан капиталды таратудағы оңтайландыру. Бұл тапсырма шаруашылық операциялар мен өндірістік іс-шаралардың жеке түрлеріндегі капиталдың барынша қарқынды қолданылу мүмкіндіктерін зерттеу жолымен іске асады; капиталды келешекте қолдану үшін пропорциялардың қалыптасуы оның барынша қарқынды жұмыс істеуі мен өндірістің нарықтық бағасының өсуіне жағдай жасауын қамтамасыз етеді.

3. Капиталдың жоғары кірістеріне қол жеткізу жағдайларын қаржылық тәуекелдер деңгейінде қарастыру арқылы қамтамасыз ету. Капиталдың максималды кірістілігі (рентабельділік) оның қалыптасу сатысындағы орташа алынған оның бағасының азайтылған есебімен, тартылған капиталдардың жеке және қарызға алынған түрлерінің қарым-қатынасының оңтайлануымен қамтамасыз етілуі мүмкін, оларды өндірістің шаруашылық іс-шараларының нақты жағдайында табыстың барынша жоғары деңгейін жасайтын қалыпта тартуға болады.

4. Капиталды қолданумен байланысты қаржылық тәуекелдікті азайтуды оның кірісінің деңгейіне қарап қамтамасыз ету. Тәуекелдіктің деңгейін азайту тартылған капиталдардың қалыптарын диверсификациялау жолымен, оны қалыптастырудағы қайнар көздерінің жүйелерін оңтайландырумен, жеке қаржылық тәуекелшілікті болдырмаумен, оларды сыртқы және ішкі сақтандырудың белсенді қалыптарымен қамтамасыз етілуі мүмкін.

5. Өндірістің даму кезіндегі тұрақты қаржылық тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Тепе-теңдік жоғары деңгейдегі қаржылық тұрақтылығымен және өндірістің оның даму кезіндегі барлық кезеңдерінде төлемақыларын төлей алатындығымен айқындалады және капиталдың белсенді жүйелілігінің қалыптасуымен және оны жоғары өтімді ықпалдардың түрлерімен қажетті көлемде қаржыландыру болып табылады.

6. Өндірісті жеткілікті деңгейде қаржылық бақылауды оның серіктестері жағынан қамтамасыз ету. Қаржылық бақылау өндірістің бастапқы серіктестіктерінің қолындағы бақыланбайтын үлестерімен қамтамасыз етіледі. Өндірістің даму процесіндегі капиталдың келесі қалыптасу кезеңінде міндетті түрде мынаны ескеру қажет, мұнда сыртқы қайнар көздерден тартылған жеке капиталдар қаржылық бақылаулардың құлдырауына әкеп соқпауы тиіс және өндірісті басқа инвесторлар сіңіріп кетпеуі тиіс.

7. Өндірістің жеткілікті түрде қаржылық икемділігін қамтамасыз ету. Әсері жоғары инвестициялық ұсыныстардың кенеттен пайда болуынан немесе экономикалық өсу жылдамдығының жаңа мүмкіндіктерімен қосымша капиталдардың қажетті көлемін тез қалыптастыра алатын мүмкіндігімен айқындалады. Қажетті қаржылық икемділік жеке және қарызға алған оның түрлерінің қарым-қатынасының оңтайландыру есебінен капиталдың қалыптасу процесінде, оның тарту кезіндегі ұзақ және қысқа мерзімді қалыптарын, қаржылық тәуекелдердің деңгейін азайтуды, инвесторлар мен кредиторлардың уақытымен есеп айырысуларын қамтамасыз етеді [13, 142 б.].

8. Айналымдағы капиталды оңтайландыру. Бұл міндеттер капиталдың әртүрлі қалыптарының оның өндірістегі айналымының жеке циклдерінің процесінде қарқынды басқару ағындарымен шешіледі; капитал ағындарының жеке түрлерінің қалыптасу синхрондығын қамтамасыз етумен, ол операциялық немесе инвестициялық іс-шаралармен байланысты болады.

9. Капиталды заманауи қайта инвестициялаумен қамтамасыз ету. Сыртқы экономикалық жағдайдың немесе өндірістің шаруашылық іс-шараларының ішкі параметрлерінің өзгеруімен байланысты, капиталдың қолданысындағы қалыптар мен бағыттардың қатары қарастырылған кіріс деңгейін қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты капиталды заманауи қайта инвестициялауда маңызды ролді оның қарқындылығын қажетті деңгейде толығымен қамтамасыз ететін, барынша кіріс келтіретін ықпалдар мен операциялар иемденеді.

Өндірісті капиталмен басқару жүйесі – бұл теңгерімді, мақсаты айқын процесс, қалыптасудың қарқындылығын механизмді түрінде, айналым құралдарын қолдану мен реттеуді көрсетеді, ол өнеркәсіптік өндіріс орындарының тұрақты, инвестициялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Капиталды басқаруға қатысты саясат және айналымдағы ықпалдар өндірістің ағымдағы іс-шараларының қарқындылығы мен үздіксіз болуын қамтамасыз ету үшін маңызды. Өнеркәсіптік өндіріс орындарындағы мұндай жағдай – айналымдағы ықпалдардың көлемінің өзгерісі ( азаю немесе ұлғаю) қысқа мерзімді пассивтердің өзгерісімен (өндірістің қарыздарының азаюы мен ұлғаюы) өтеді, сондықтан бұл есептік нысандардың екеуі де таза айналым капиталымен басқару саясатының жетегімен бірлесіп қарастырылады, оның көлемі айналым ықпалдары мен қысқа мерзімді пассивтердің арасындағы айырмашылыққа сенім артады.

Капиталды басқару қаржылық менеджмент және концепцияларға негізделген оның экономикалық табиғатын түсінумен орнығу керек. Қазіргі таңда экономикалық табиғаттың қиындықтары берілген дефинация бойынша жалпы қабылданған анықтамалармен көрінерліктей өндірілмеген. «Капитал» түсінігіне басқару нысанасы ретінде оның ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі көзқарастағы анализдер мен қорытулар авторлық анықтамаларды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Капитал иелері мен инвесторлардың ұйымның негізгі және айналым құралдары ендірілген ресурстарының (материалдық, материалдық емес, қаржылық және т.б.) жиынтығын көрсетеді, сонымен қатар рационалды қолдану кезінде үстеме бағаларды құрауға мүмкіндік беретін басқа да кредиторлардың қарыздарын да көрсетеді. Коммерциялық ұйымдардың капиталын басқаруда міндетті түрде 3 ауқымды процесті бөліп көрсету керек: 1) капиталдың бастапқы қалыптасуын басқару процесі; 2) капиталда қолданылатын басқару процесі; 3) капитал өндірісін басқару процесі. Дәстүрлі жақындау екі процестің шығуымен ғана қарастырылады: капиталдың қалыптасуының басқару процесі мен оны қолданудағы басқару процесі. Бұл жақындау біздің пікіріміз бойынша, айналымдардың негізгі кезеңдерімен және капиталдың қалыптасуымен толықтай байланыста болмайды және осыған байланысты нақтылықты талап етеді. Капиталды ұдайы басқару процесін бөліп қарау бағаны толықтыратын болашағы бар концепцияны қолдануға мүмкіндік береді [14, 98 б.].

Капиталды басқару кезінде келесі функциялар өзара іс-әрекетте болады:

1) қаржылық жоспарлау мен бюджеттеу жүйесінде іске асатын жоспарлы функция ,ол капиталды қолданудағы есеп болжамын қалыптастыруды қарастырады;

2) есептік  функция, ол есептік жүйеде іске асады және ұйымдарды, жиынды, тіркелуді және мүліктің ақшасын білдіретін ақпараттарды қорытады, ұйымдардың міндеттерін және олардың әрекеттерінің толық, үздіксіз жолмен және барлық шаруашылық операциялардың құжаттық есептерін қорытады;

3) бақылау-аналитикалық функция, ол бақылаудан кейінгі процестен соң қалыптасып іске асады, аналитикалық рәсімдерді пайдалану арқылы капиталдарды қолдану, ол капиталды басқару процесінің қарқындылығын бағалауға динамика мен құрылымдарды,жеке, қарызға алған, сыртқы айналымдар мен капиталдың өз айналымын талдау арқылы мүмкіндік береді, сонымен қатар, қаржылық коэффициенттер мен үстеме бағалардың құралуы процесіне мүмкіндік береді.

4) мотивациялық, дивидендтік саясат арқылы іске асады, бонустық төлемдер мен еңбекақы төлемдер негізінде капиталдың қалыптасқан ауқымында қабылданған басқармалық шешімдерді іске асыруға жәрдем беру және іске асып тұрған төлем жүйесін құру;

5) ұйымдасқан, ол ұжымдық басқармалардың әртүрлі құжаттарын пайдалану негізінде капиталды басқару жүйесін ұйымдастыруды көрсетеді, мысалы, дивидендтік саясат жөніндегі талаптар, бюджеттік регламенттер және т.б. Осылайша, капиталды басқару жүйесі мынаны көрсетеді: компанияларды қаржыландырудың қайнар көзін болжамдау мен жоспарлау; капиталды басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуді қалыптастыру; капиталды бағалауда оның бағасы мен құрылымын талдау; ұжымдық басқарма құжаттарын дамыту. Капиталды басқару жүйесінің негізгі функцияларын табысты іске асыру мынаны талап етеді:

1) капиталды басқару процесінде қолданылатын ақпараттық сыныптауға тәсілдерді әзірлеу;

2) жеке және қарызға алған капиталдардың талдау алгоритмін дамыту;

3) капиталдың құнын басқару мен құнының бағасына әдістемелік тәсілдерді дамыту.

Капитал құрылымын басқару стратегиясы капиталдың мақсатты құрылымын орнату мен оңтайландыруды топшылайды, ол кіріс пен тәуекелшіліктің берілген деңгейін қамтамасыз етеді, коммерциялық ұйымдардың нарықтық құнын не азайтады, не орта есеппен алғанда өсіреді. Капитал құрылымының оңтайландыру процесі төрт кезеңді құрайды:

1) коммерциялық ұйымдардағы капиталдың талдауы динамикалық тенденциялардың шығу мақсатында оның көлемі мен құрамы және бағасы капиталды қаржылық қолдануда, қарқындылығына және тұрақтылығына әсер етеді. Бұл кезеңде өзіміз қалаған финанстық коэффициенттер жүйесіне мейлінше тоқталамыз, ол капиталдың қолданылуы мен қалыптасу процесін айқындайды;

2) факторлардың бағасы, олар капитал құрылымының қалыптасуын анықтайды;

3) критерияларды іріктеу, олардың базасында капитал құрылымының оңтайлануы жүзеге асады;

4) есептік факторлары бар капиталдың нақтыланған құрылымын қалыптастыру, ол коммерциялық ұйымдардың іс-шараларының жеке ерекшеліктерін айқындап көрсетеді.

Шетелдік компаниялардың айналым капиталдарын басқару әдістері де, қазақстандық нарықтағы ісі жүріп тұрған ұйымдар қолданатын әдістерімен бірдей.

Айналым капиталдарын басқару міндетін атқару кезінде қандай компания туралы,яғни оның қай түрге (өндірістік, сауда-саттық, немесе аралас түрде) жататынын білген дұрыс болады. Сауда-саттықпен айналысатын фирмалар өндірушілерге қарағанда көбірек, олар маркетингтік стратегияларды ұстанады, анығында, жоғарыда айтқан өндірістерге қарағанда, оларға маркетингтік іс-шараларды анықтайтын факторлар әсер етеді, (мысалы,жеке өнімдерге сұраныстың өзгеруі). Сауда-саттық компанияларының айналым құралдары құрылымының ерекшелігі болып ағымдағы ықпалдар мен ағымдағы пассивтердің арасындағы пропорционалдық қарым-қатынасы табылады. Бұл өндірістікке қарағанда қысқаша түрде түсінуге болады, сауда-саттық компанияларының айналым циклі мен елеулі еңбегі мынадай сыртқы факторларға әсер етеді: мезгілдік, инфляция, нарықтағы жағдайлар.Қаржы менеджерінің шешімдері осы ерекшеліктерді ескеруі қажет [24, 68 б.].

Кез-келген компаниялардың айналымдағы капитал құрылымын құру кезіндегі негізгі идеясы мынадан тұрады, айналымдағы барлық ықпал мен пассивтердің элементтері уақыт өте келе бір-біріне айналып кетеді. Артынша, нақты элементке салынған белгіленген көлем компанияның өзінің ерекшелігіне, өнеркәсібіне,сыртқы ортаның жағдайына тәуелді болады..

Дамыған елдерде бұл мәселе ерікті қаржыландыруды ендірумен шешіледі, онда сатып алушы белгіленген мерзіміне дейін өнімді төлеуге бағадан ауқымды жеңілдіктер ала алады. Осы мерзім өткеннен кейін сатып алушы келісімшартты сақтай отырып, толық төлемін төлейді.

Осылайша ұйымдағы капиталды негізін қарастырдық, кәсіпорын үшін капиталды дұрыс басқару маңызды болып табылады басқарудың әдістемелік. Капиталды басқару дегеніміз маңызды да және керекті басқару жүйесін құрап, өндірісті толығымен басқару болып табылады, ол оның заманауи нарықтық жағдайдағы жұмысының тұрақты болуын қамтамасыз етеді.



Әдебиеттер тізімі

  1. А.Молдахметова, М.Өтебаев. Микроэкономика. Алматы, 2010. Оқулық. Фолиант баспасы, 248 б.

  2. Т.Түсіпбеков, Ғ.Теңізбаева. Кәсіпорын экономикасы. Астана, 2010. Фолиант. Әдістемелік құрал. - 194 б.

  3. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. М.: Политиздат, 1968. Т. 25, ч. 2. 1001 с.

  4. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. — М.: Эксмо, 2007. — (Серия: Антология экономической мысли) — 960 с.

  5. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. — М.: Эксмо, 2007. — (Серия: Антология экономической мысли) — 960 с.

  6. Советский энциклопедический словарь / Под ред. А.М. Прохорова. М.: Сов. энциклопедия, 1983. - 1281 с.

  7. Ле-Кутре В. Основы балансоведения. М.: МАКИЗ, 1925.

  8. Международный бухгалтерский учет GAAP и IAS: Справочник бухгалтера от А до Я. М.: Дело и Сервис, 2012. - 383 с.

  9. Экономика и менеджмент на предприятии / Под ред. С.Ю. Вайнштейна. Новосибирск: НГАЭиУ, 2011. - 340 с.

10. Бланк, И. А. Основы финансового менеджмента : в 2 т. / И. А. Бланк. – 4-е изд., стер. – М. : Омега-Л, 2012

11. Ковалев В.В. «Практикум по анализу и финансовому менеджменту». М.:«Финансы и статистика» 2009 - 320 с.

12. Аксенов, А.П. Экономика предприятия: Учебник / А.П. Аксенов, И.Э. Берзинь, Н.Ю. Иванова; Под ред. С.Г. Фалько. - М.: КноРус, 2013. - 350 c.

13. Мейірбеков А.Қ. Әлімбеова Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2003. - 278б.

14. Қуатова Дильмина Яхияқызы. http://www.ektu.kz/cgi-bin/irbis64r/cgiirbis_64.exe?Z21ID=&I21DBN=KAZ&P21DBN=KAZ&S21STN=1&S21REF=10&S21FMT=fullw&C21COM=S&S21CNR=20&S21P01=0&S21P02=0&S21P03=M=&S21COLORTERMS=0&S21STR=Кәсіпорын экономикасы : практикум / Д. Я. Қуатова. - Алматы : Экономика, 2006

ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ И МЕТОДИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ УПРАВЛЕНИЯ КАПИТАЛОМ В ОРГАНИЗАЦИИ

Аннотация

Перспективы развития современной казахстанской экономики связаны с необходимостью организации эффективного управления капиталом в организациях. Обеспечение достаточности и устойчивости финансирования деятельности организации является одной из важнейших задач экономической теории. Данная задача может быть решена на основе определения рациональной структуры источников финансирования организации с учетом уровня допустимого риска, на основе использования подходов к оптимизации структуры капитала и анализа ее влияния на стоимость организации. Современная концепция предпринимательства связана с управлением стоимостью компании и повышением привлекательности ее для акционеров и владельцев.



THEORETICAL AND METHODOLOGICAL ASPECTS OF THE CAPITAL MANAGEMENT ORGANIZATION

Resume

Prospects for the development of Kazakhstan's economy today are related to the need for effective capital management in organizations. Providing adequate and sustainable funding of the organization is one of the most important tasks of financial management. This problem can be solved on the basis of the definition of a rational structure of sources of financing of the organization with the level of acceptable risk, based on the approaches to the optimization of the capital structure and to analyze its impact on the value of the organization. The modern concept of entrepreneurship is related to the cost of running the company and increase its attractiveness for shareholders and owners.

Достарыңызбен бөлісу:

ryad-trebovanij-k-izmeritelnim-metodikam-testam-1-predmet-i-zadachi-psihodiagnostiki.html
ryadi-dinamiki-chast-3.html
ryadi-gofmejstera-uchebnoe-posobie-k-elektivnomu-kursu-dlya-studentov-4-go-kursa-himicheskogo-fakulteta.html
ryaz-model-v-onun-tlm-texnologyasinda-ttbq-azrbaycan-respublikasi-thsil-nazirliyi.html
ryazanskaya-oblast-lica-kotorim-prisuzhdeni-premii-v-razmere-30-tisyach-rublej.html
ryazanskaya-oblast-v-marte-aprele-2010-rossijskij-centr-obucheniya-izbiratelnim-tehnologiyam-pri-centralnoj-izbiratelnoj.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/rossijskaya-shkola-po-endoskopicheskoj-i-operativnoj-urologii.html
  • occupation.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-no-vipolneniyu-oformleniyu-i-zashite-kursovih-rabot-po-predmetu-teoriya-gosudarstva-i-prava-tekushie-trebovaniya-k-kursovim-rabotam.html
  • desk.bystrickaya.ru/polozhenie-o-sisteme-oplati-truda-rabotnikov-municipalnogo-obsheobrazovatelnogo-uchrezhdeniya.html
  • urok.bystrickaya.ru/prilozhenie-8-doklad-o-rezultatah-i-osnovnih-napravleniyah-deyatelnosti.html
  • urok.bystrickaya.ru/prikaz-g-birobidzhan-ob-utverzhdenii-gosudarstvennih-standartov-socialnogo-obsluzhivaniya-naseleniya-na-territorii-evrejskoj-avtonomnoj-oblasti-stranica-5.html
  • occupation.bystrickaya.ru/naibolshaya-dopustimaya-krutizna-otkosov-kotlovanov-i-transhej-v-gruntah-estestvennoj-vlazhnosti.html
  • teacher.bystrickaya.ru/faktori-vliyayushie-na-razvitie-voennogo-obrazovaniya-v-respublike-kazahstan.html
  • literatura.bystrickaya.ru/sociokulturnie-osobennosti-molodezhi.html
  • essay.bystrickaya.ru/chast-posvyashena-nalozhnice-v-tekste-u-van-veya-nyanczi-zhena-biblioteka-mirovoj-literaturi-vostochnaya-seriya.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/metodicheskoe-obespechenie-meo-sapr-primeri-komponentov-meo.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-4-poryadok-sozdaniya-pii-i-ih-gosudarstvennoj-registracii-na-territorii-rf-uchebnoe-posobie-moskva-mgimo-u-2003.html
  • predmet.bystrickaya.ru/regionalnij-komponent-v-rabote-uchitelya-slovesnika-ch-ii-obnovlenie-soderzhaniya-obrazovaniya-v-usloviyah-regionalizacii.html
  • credit.bystrickaya.ru/otchet-alt-1-04-o-vipolnenii-nauchno-issledovatelskoj-raboti-stranica-34.html
  • thescience.bystrickaya.ru/issledovanie-o-prirode-i-prichinah-stranica-9.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/vivodi-yurij-muhin.html
  • essay.bystrickaya.ru/dzhej-hejli-o-miltone-eriksone-perevod-s-anglijskogo-v-m-sarinoj-i-yu-a-hudokon-moskva-nezavisimaya-firma-klass-1998.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/zakreposhenie-krestyan-v-velikom-knyazhestve-moskovskom-interpretacii-v-ramkah-institucionalnogo-analiza.html
  • knigi.bystrickaya.ru/socialnaya-pomosh-i-podderzhka-naseleniya-municipalnij-imushestvennij-kompleks-30-finansovo-byudzhetnaya-sistema-32.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/novaya-evolyuciya-biosferi-chast-3.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-10-orientirovochnij-refleks-i-orientirovochno-issledovatelskaya-deyatelnost.html
  • spur.bystrickaya.ru/kumirova-ev-embrionalnie-opuholi-centralnoj-nervnoj-sistemi-u-detej-optimizaciya-lecheniya-i-rezultati-14-01.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-5-sovremennij-polskij-cheshskij-i-slovackij-detektiv.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/izuchenie-prirodnih-rezervuarov-v-achimovskih-otlozheniyah-zapadnoj-sibiri.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/tema-skazki-a-s-pushkina.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/vi-podrobnie-svedeniya-o-licah-vhodyashih-v-sostav-organov-upravleniya-emitenta-organov-emitenta-po-kontrolyu-za-ego-finansovo-hozyajstvennoj-deyatelnostyu-i-kratkie-svedeniya-o-sotrudnikah-rabotnikah-emitenta.html
  • student.bystrickaya.ru/-kniga-pervaya-stranica-40.html
  • assessments.bystrickaya.ru/detskaya-programma-54-rezh-i-maksimov-1990-725-ohotnik-rezh-m-aldashin-1991-542-pesn-o-volfgange-rezh-m-tumelya-1991-414.html
  • grade.bystrickaya.ru/metodistu-katalog-materialov-v-pomosh-uchebno-vospitatelnomu-processu-poznavatelnie-igri-organizaciya-i-provedenie-6.html
  • control.bystrickaya.ru/detskaya-odarennost-chast-7.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-disciplini-modulya-mikroekonomika.html
  • assessments.bystrickaya.ru/disciplina-anglijskij-yazik.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/ponyatie-bankovskih-riskov-i-kriterii-ih-klassifikacii.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-9-videniya-iz-sumerechnoj-zoni-znamenitij-issledovatel-zahariya-sitchin-avtor-sensacionnih-teorij-paleokontakta.html
  • shkola.bystrickaya.ru/uchet-kassovih-operacij-oformlenie-kassovih-dokumentov.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/rasporyazhenie-oprovedenii-municipalnogo-festivalya-detskogo-i-yunosheskogo-tvorchestva-zvezdnij-kalejdoskop-yubilejnogo.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.