.RU

Өсиет бойынша мұрагерліктің ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздемесі

Дата05.03.2017өлшемі70.07 Kb.
Ошабаева М. – студент

Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы

(Алматы, Қазақстан)
ӨСИЕТ БОЙЫНША МҰРАГЕРЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
Мақалада өсиет бойынша мұрагерліктің негіздемесі қарастырылады.
Кілтті сөздер: мұрагерлік, өсиет, азамат, мұра.
Қазіргі кезде өсиет бойынша мұрагерлік алдынғы қатарға шықты. Заң бойьшша мұрагерлерлік тек өсиетте өзгертілмеген болмаса ғана жүзеге асады және ол өсиет бойыиша мұрагерлерлікке қатысты бағынышты сипатқа ие.

Заңнамада өсиет бойынша мұрагерлікке қатысты өсиет еркіндігі қағидасы барынша орныққан. Неліктен біз «барынша» деп оған назар аударамыз? Мәселен, шектелмеген өсиет еркіндігі отбасы муддесін қозғауы мүмкін, сондықтан да бізге мәлім барлық құқықтық жүйелердің көбісінде өсиет еркіндігі жеке меншік иесіне өз мүлкін өз қалауынша басқаруға мүмкіндік беретн өсиет еркіндігі қағидасы және мұра қалдырушының отбасы мүддесін көздейтін міндетті үлес институтын орнықтыру жолымен осы қағиданы шектеу арасында белгілі бір мәмілеге келумен шектелген.

ҚазКСР Азаматтық кодексімен салыстырғанда ҚР Азаматтық кодексі міндетті үлеске құқығы бар тұлғалар тізімінен еңбекке жарамсыз адамдарды шығарып, оны елеулі қысқартты, сонымен қатар міндетті үлесті анағұрлым қысқартты. Егер ҚазСРО АК бойынша міндетті үлес заң бойынша мұрагерлік кезінде олардың әрқайсысына тиесілі болатын үлестің кемінде үштен екі бөлігін кұраса, ҚР АК 1069 б. сәйкес міндетті үлес кемінде жарты бөлігін қамтиды [1].

Біздің көзқарасымызша, өсиет еркіндігі қағидасы мен өзбасы мүдделерін қорғау қағидасы арасындағы қарама-қайшылық мәселесі өте даулы. Бір жағынан, заң өсиет қалдырушының еркіндігін оның отбасы мүддесінің пайдасына шектеген сайын, оның жеке мүлкіне қатысты жеке инициативасын соғұрлым шектейді. Ал басқа жағынан, өсиет қалдырушының жеке мүлкіне қатысты еркіндігі ұлғайған сайын, оның отбасы, атап өткенде оның отбасының анағұрлым қорғалмайтын мүшелері, көбірек зардап шегеді.

Қазіргі таңда жүзеге асып жатқан Азаматтық кодекс, 1922 ж. АК пен ҚазКСР АК салыстырғанда, мұра қалдырушыға кайтыс болу жағдайында өз мүлкін басқару бойынша анағұрлым көбірек кұқықтар ұсынады, бірақ сонымен қатар оның отбасы мүддесіне қатысты кейбір шектеулер де орнатады.

Өcиет бойынша мұрагерлік дегеніміз - қайтыс болғанның, оның тірі кезінде қайтыс болуы жағдайында өз мүлкінің тағдыры өзі көрсеткен тұлғаларға қатысты шешілген, кұқықтары мен міндеттерінің өтуі [2, 111 б.]. Өз мүлкіне қатысты мұндай өкім өсиет деп аталады.

Заң бойынша мұраға ие болу тәртібін орнатуда біздің заңнама отбасы мүшелерінің арасындағы әдеттегі қарым қатынастарға сүйенеді және осыған сәйкес мұрагерлер тізімін анықтайды. Өсиет болса мұра қалдырушыға әдетгегіден тыс қарым қатынастар жағдайларындағы ерекшеліктерді ескеруге мүмкіндік береді.

«Өсиет бойынша мұрагерлік» ұғымы - бұл мұра қалдырушының мүлкі өтетін тұлғалар шеңбері, кұқык мирасқорлығы жүзеге асатын тәртіп пен шарттар мұра қалдырушының еркі бойынша анықталатынын білдіретін техникалық кұкықтық термин.

Өсиет бойынша мұрагерлікте өсиет ерекше және орталық орынға ие. Өсиетті тағайындау дегеніміз мұрагерлік мүліктің бүкіл немесе оның бөлігінің белгілі бір тұлғаларға» сонымен қатар мемлекетке немесе заңды тұлғаларға өту тәртібін аныктау болып табылады. Өсиет бойынша мұрагерліктің заң бойынша мұрагерліктен ерекшелігі: мұрагерлерді тағайындау және олардың арасында мүлікті бөлу тәртібі тек мұра қалдырушының еркіне тәуелді болады [3, 35 б.].

Бұрынғы заңнама өсиет бойынша мұрагерлікті толықтай жете регламенттегеніне қарамастан, «өсиет» түсінігінің анықтамасын қамтыган жоқ. Бүгінгі таңда Азаматтық кодекс осы кемшілікті толығымен жойды. ҚР АК 1046 6. 1 т. сәйкес, азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Алайда бұл анықтама оған тиісті мағынаны толық камтымаиды, өйткені өсиет күрделі заңи элемент болып табылады.

Әдебиетте өсиеттің көптеген анықтамалары кездеседі, бұған себеп Кеңестік Республикалардың Азаматтық кодекстерінде оның заңцы және ресми анықтамасының болмауы және ол цивилистердің өз ой-пікірлерін ұсынуға турткі болды.

Профессор Е.А. Флейшицтың анықтамасы бойынша, «өсиет дегеніміз заң бойынша өсиет қалдырушының мұрагерлері арасында мүлікті болуге бағытталған біржақты келісім» [4, 85 б.]. Бүгінгі таңда бұл анықтама өзекті емес, өйткені ол 1922 жылғы АК талаптарына, атап айтсақ өсиет бойынша мұрагерлер ретінде тек зан бойынша мұрагерлер ғана бола алатын талаптарға сай.

Б. Антимонов, С. Герзон және Б. Шлифер анықтамасы бойынша, өсиет дегеніміз «азаматтың қайтыс болуы жағдайында мұрагерлерді тағайындау мен оның берілетін кұқықтарының тағдырын, заң шеңберінде және нотариалдық куәландырылған жазбаша нысанда жасалған жеке бұйрығы» [5, 13 б.]. Бұл анықтаманы лайық деп тануға болмайды, өйткені өсиет дегеніміз өз мүлкін басқа біреудің мүддесіне қатысты басқару болып табылады және ол тек мұрагерлерді тағайындау акті ретінде ғана қарастырылмау керек.

Осы себептер бойынша Б.С. Антимонов пен К.А. Гравеның пікірлерімен келісуге болмайды, олар өсиетті «азаматтың қайтыс болуы жағдайында мұрагерлік бойынша берілетін мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын оөі тағайындаған мұрагерлерге, заң шеңберінде және заңи тұрғыда жазбаша нысанда жасалған жеке бұйрығы» [5, 39 б.] ретінде қарастырған. Мәселен, өсиет дегеніміз - бұл кұкықтар мен міндеттердің берілуі емес, бұл мүлікті басқару. ҚР АК 1040 б. сәйкес жеке мүліктік емес құкықтар мұра құрамына кірмейді, бірақ оларды мұрагерлердің жүзеге асыруы мен қорғауы мүмкін.Мәселен, өcиет қалдырушының қайтыс болуы кейінге қалдырылатын шарт ретінде қарастырыла алмайды. Өсиет қалдырушының қайтыс болуы өсиеттің, біржақты келісім ретінде, қққықтық әсері жүзеге асу мерзімінің келуін білдіреді. Шарт ретінде қабылданатын оқиғалар ыктималдық критерилеріне сәйкее болу керек, яғни олардың болу, болмайтыны белгісіз болу керек. Шарт ретінде мерзімді, мезгілді, белгілі бір жасқа жетуді, яғни олардың орындалуында күмән жоқ баска жағдайларды қоюға болмайды. Өсиет қалдырушының қайтыс болуы дәл сондай жағдайға жатады, өйткені оның орындалуы күмәнсіз, тек оның анық орындалу мерзімі ғана белгісіз. Сонымен қатар, кейінге қалдырылатын шарт ретінде жасалған келісімде шарт ретінде көрсетілген жағдайлардың орындалмауынша, келісімдегі кұқықтар мен міндеттер жүзеге аспайды, ал сол жағдайлар орындалмаса келісім өз күшін жойған болып есептеледі.

В.К. Дроников ұсынұан келесі анықтама қызықты: «Өсиет дегеніміз өсиет калдырушының тірі кезінде заңи сипатқа ие болмайтын және заң талаптарына сай жасалған, жеке тұлғаның қайтыс болуынан кейін және оның мүлкін белгілі тұлғалар пайдасына ұсынуға қатысты орындалуға міндетті біржақты өкімін қамтитын заңи акт» [6, 14-15 б.]. Берілген анықтама бізге анағұрлым толық болып көрінеді, алайда авторды өиет «өсиет қалдырушының тірі кезінде заңи сипатқа» ие болмайды деген оқаулығы үшін сынауға болады. Өсиет қалдырушының тірі кезінде өсиеттің «құқықтық күші» болмайды, ал оның құқықтық акт ретіңдегі заңи сипатына келетін болсақ, ол өсиет қалдырушының тірі кезінде де күмәнсіз.

О.С. Иоффе ұсынған өсиеттің анықтамасы да анағұрлым қабылдарлық, оның пайымдауынша, өсиет дегеніміз қайтыс болу жағдайында мұрагерлік қққыққабылдауды анықтау мақсатында жасалған біржақты-басқарушы жеке- нысанды келісім. Нақтырақ айтқанда, бұл келісімнің мақсаты - өсиет қалдырушының құкықтары мен міндеттерінде мұрагерлік құқыққабылдауды анықтау. О.С.Иоффе өсиеттің ерекшеліктеріне тоқталып, өсиет арқылы өсиет қалдырушы өз құқықтары мен міндеттерін басқарады деп айтып кеткен [7, 117 б.].

В.И. Серебровский өсиет түсінігінің мағынасын қысқа да нақты ашатын, Азаматтық кодекс беретінге, ұқсас анықтаманы ұсынды: «Азаматтың қайтыс болуы жағдайында, заң тұрғысына сәйкес, өз мүлкін басқаруы болып табылады» [8, С. 36-41].

«Өсиет» термині екі мағынада қолданылады. Біріншіден, бұл өсиет қалдырушының еркі білдірілетін құжат. Екіншіден, бұл өсиет қалдырушының еркін білдіру әрекеті ретінде түсініледі. Бұл мағынада өсиет келісім, яғни азаматтың құқықтық салдары бар әрекеті болып табылады.

Өсиет өзінің заңдық тұрғысынан алғанда біржақты келісім болып табылады. Біржақты келісім ретінде оны жасау үшін тек бір тараптың еркін білдіру ғана жеткілікті немесе тек бір тараптың еркін ғана білдіретін келісімді анықтаймыз. Берілген жағдайда өсиет өсиет қалдырушының еркін білдіреді. Өсиет баска тұлғаның қарсы қандай да бір еркін білдіруін қажет етпейді және оның жарамдылығы осы тұлғаның (мұрагердің) мұраны иеленуді келісуіне, сонымен қатар оның өсиет мазмұнымен келісуіне және т.б. тәуелді болмайды. Осыған қоса, өсиеттің болу фактісінің өзі, оның мазмұны тұрмақ, мұрагерлер үшін көптеген жағдайларда мәлім болмайды. Алайда бұл ешқандай да дәрежеде берілген құжаттың заңдық күшін жоймайды.

Өсиетке тән белгі - қайтыс болу жағдайында оның өкім болып табылуы, бұл осы келісімді басқа келісімдерден ерекшелейді және оған айрықша ерекшеліктер береді. Мәселен, өсиет болған жағдайда, ортақ ережелер бойынша, құқықтық салдар тек мұраны ашудан кейін (алайда, өсиет қалдырушының тірі кезінде қайта жасалған өсиет бұрын жасалған өсиеттің жойылуына немесе өзгертілуіне алып келеді) ғана жүзеге асады. Өсиетте керсетілген тұлғалар мұрагерлік кұқығына тек мұраны ашканнан және оларды мұрагерлікке шақырғаннан кейін ғана ие болады.



1 Зайцева Т.И., Галеева Р.Ф., Ярков В.В. Настольная книга нотариуса: учебно-методическое пособие. – М.: Бек, 2003. – Том 2. – 448 с.

2 Никитюк П.С. Наследственное право и наследственный процесс. – Кишинев: Штиинца, 1973. – 256 с.

3 Власов Ю.Н. Наследственное право Российской Федерации: общие положения, правовые основы, образцы типовых документов: учеб.-метод. пособие, 3-е издание, дополненное и переработанное. – М.: Юрайт, 1999. – 320 с.



4 Флейшиц Е.А. Завещание и легат в советском гражданском праве // ВИЮН. Ученые записки. – Вып.VI. – М., 1947.

5 Антимонов Б, Герзон С., Шлифер Б. Наследование и нотариат / Б. Антимонов, С. Герзон, Б. Шлифер. // Всесоюзный ин-т юр. наук МЮ СССР. – М: Изд-во МЮ СССР, 1946. – 78 с.

6 Дроников В.К. Наследственное право Украинской ССР. – Киев, 1974. – 159 с.

7 Иоффе О.С. Советское гражданское право: курс лекций. –Л., 1965. – Ч. 3. – С. 277-346.

8 Серебровский В. Наследственное право в будущем Гражданском кодексе РСФСР // Социалистическая законность. – 1962. – № 8. – С. 36-41.

Достарыңызбен бөлісу:

socialnaya-sfera-zhizni-obshestva.html
socialnaya-situaciya-razvitiya-v-nepolnoj-seme.html
socialnaya-spravedlivost-ukr.html
socialnaya-statistika-territorialnij-organ-federalnoj-sluzhbi-gosudarstvennoj-statistiki-po-respublike-bashkortostan.html
socialnaya-stratifikaciya-i-mobilnost-4.html
socialnaya-stratifikaciya-obshestva-2.html
  • grade.bystrickaya.ru/nachalo-sluzhbi-i-semya-semena-sbornik.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/izgotovlenie-tehnologicheskogo-processa-izgotovleniya-lampi-nakalivaniya-obshego-naznacheniya-tipa-v-220-25.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/metodicheskie-rekomendacii-k-subtestu-2-pismo-tipovie-testi-po-russkomu-yaziku-kak-inostrannomu-vtoroj-sertifikacionnij-uroven.html
  • notebook.bystrickaya.ru/kalendarno-tematicheskoe-planirovanie-po-bazovomu-kursu.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-en-f-07-geologiya.html
  • literature.bystrickaya.ru/doklad-na-temu-kurenie-vred.html
  • urok.bystrickaya.ru/primeri-vklyucheniya-informacionnih-trebovanij-v-sushestvuyushuyu-dokumentaciyu.html
  • lesson.bystrickaya.ru/osobennosti-terrorizma-kak-ugolovnogo-prestupleniya.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/znatoki-pravil-horoshego-tona-igra-pervogo-dnya-konferencii-strategiya-bibliotechnogo-obsluzhivaniya-detej-i-yunoshestva.html
  • credit.bystrickaya.ru/pered-specialistom-v-oblasti-lingvistiki-bili-postavleni-voprosi-kakie-znacheniya-imeyut-v-sovremennom-russkom-literaturnom-yazike-slovo.html
  • institute.bystrickaya.ru/formirovanie-u-vospitannikov-detskogo-doma-umenij-i-navikov-neobhodimih-dlya-uspeshnoj-samostoyatelnoj-zhizni-v-sovremennom-obshestve.html
  • control.bystrickaya.ru/dogovor-postavki-postavki-tovarov-dlya-gosudarstvennih-nuzhd-dlya-kategorii-povisheniya-kvalifikacii.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/razrabotka-ekstremalnih-turistskih-marshrutov-na-rossijskom-severe-po-regionam-rossijskoj-federacii-na-primere-yamalo-neneckogo-avtonomnogo-okruga-chast-23.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/glava-15-sharlin-harris-mertvim-snom.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/hudozhestvennoe-nachalo-i-dejstvennost-feletona.html
  • spur.bystrickaya.ru/laboratornaya-rabota-3-laboratornij-praktikum-chast-i-odobren-metodicheskoj-komissiej-fakulteta-upravlenie-processami.html
  • gramota.bystrickaya.ru/za-10-mesyacev-v-lpu-rostovskoj-oblasti-po-programme-rodovie-sertifikati-perechisleno-1979-mln-rublej.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/naucheniya-u-zhivotnih-chast-5.html
  • report.bystrickaya.ru/informacionnij-byulleten-administracii-sankt-peterburga-11-762-ot-2-aprelya-2012-g-stranica-32.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/konstituciya-bolgarii.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uchebnoe-posobie-po-imidzhelogii-stranica-12.html
  • occupation.bystrickaya.ru/obshie-polozheniya-i-kratkie-svedeniya-o-licah-vhodyashih-v-sostav-organov-upravleniya-kreditnoj-organizacii-emitenta.html
  • textbook.bystrickaya.ru/k-postanovleniyu-pravitelstva-moskvi-stranica-3.html
  • university.bystrickaya.ru/g-i-goremikina-aktualnie-problemi-modernizacii-matematicheskogo-i-estestvenno-nauchnogo-obrazovaniya.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-4-sistemi-televizionnogo-nablyudeniya-ohrannie-sistemi.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/pravitelstvo-moskvi-postanovlenie-stranica-2.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-uchebnogo-kursa-russkij-yazik-7-klassa-sostavitel-stranica-7.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/kontinent-okean-rossiya-i-mirovoj-rinok.html
  • bukva.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-studentu-po-podgotovke-i-zashite-kursovih-rabot-rabochaya-programma-kursa-istoriya-otechestvennogo.html
  • reading.bystrickaya.ru/lot-1-1-naimenovanie-zakazchika-instrukciya-uchastnikam-razmesheniya-zakaza.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/ocenka-finansovih-rezultatov-hozyajstvennoj-deyatelnosti.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/publichnij-doklad-o-deyatelnosti-mou-sosh-1-s-uglublennim-izucheniem-predmetov.html
  • knigi.bystrickaya.ru/spletnikom-ego-uznavali-prakticheski-v-kazhdom-pavilone-i-teplo-hakeri-geroi-kompyuternoj-revolyucii.html
  • shpora.bystrickaya.ru/vyazhushaya-uzhasom-sila-kniga-mertvih-v-svoej-glubinnoj-suti-govorit-o-tom-zhe-o-snah-oneotvratimih-dlya-kazhdogo-snah-zagrobya.html
  • abstract.bystrickaya.ru/124struktura-organa-otdela-po-svyazyam-s-obshestvennostyu-pablik-rilejshnz-v-sporte.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.