.RU

Сабақтың тақырыбы : Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары туралы түсінік

Дата08.09.2017өлшемі68.41 Kb.
Пәні: қазақ тілі

Мұғалім: Сапарбекова Гүлмира Еңбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің түрленуі.Етістіктің шақтары туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға етістіктің түрленуі туралы,яғни шақтары туралы түсінік беріп,таныстыру.

2.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып,сөздік қорларын молайту.

3.Патриоттық сезім,өз Отанына деген сүйіспеншілікті,табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,топтастыру,тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,слайдтар, «кім жылдам»ойыны,тірек сызбалар,суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме,балалар! Бүгінгі сабағымыз қызықты болмақ,себебі бүгінгі сабағымыздың қонақтары,сіздерді тек қана жақсы жақтарыңыздан көргісі келеді.



2.Психологиялық дайындық:

Сабақтың ережесі:

-Белсенді қатысу

-Тыныштық сақтау

-Бір-бірін тыңдау

-Ойын ашық айту

-Бір-бірін сынамау

-Ынтымақтылық

3.Ойын: «Кім жылдам».Мына сөздер жиынтығынан жаңа сөз шығару керек. Ол үшін әр сөздің екінші әріптерінен сөз жасау керек,соны кім тез тауып береді.

Сөздер жиынтығы:

Ақпарат,шыны,арба,қала,ана,аспаз,сұлы,аңшы

Ақпан,сабақ,арман,ата,құлын,үлкен,апта,маса,арна

ҚЫРАН,СҰҢҚАР,ТҰЛПАР

Дұрыс,сонымен бізде пайда болған сөздер (қыран,сұңқар,тұлпар)ендеше қазір біз 3 топқа бөлеміз.



1-топ Қыран

2-топ Сұңқар

3-топ Тұлпар

Сұрақ-жауап.

Енді әр топ өз аттары туралы не білесіңдер?Соны айтып көрейік.

1 топ (Алтын күнді қанатымен жебеген,қыран құс ерліктің белгісі.Кең-пейілділікті білдіреді.)

2 топ (жыртқыш құстардың үлкен бір тобы сұңқар тектес немесе сұңқар тұқымдастар дер аталады.Жер шарында олардың 58 түрі бар.Біздің елімізде оның лашын,сұңқар,ителгі,бөктергі т.б.10 түрі бар.Сұңқар тұқымдастардың тұмсығы темірдей,қанаты ұзын,жіліншігі қысқа,саусақтары салалы,сүйек бітімі жұмыр,денесі мығым болып келеді.)

3 топ (Қанатты тұлпардың мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған.Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып,жеті қат жер астына түсіп,халықты қасіреттерден аман алып қалған.Еліміздің азаттығының,жеңімпаздығының белгісі.)



4.Қайталау білім анасы

1.Әр топ өз топтарының атын буынға бөліп,фонетикалық талдау жасайды.

Қыран: қы-ран(2 буын,5 әріп,5 дыбыс бар. 1 тасымалдану түрі болады.)

Сұңқар: сұң-қар(2 буын,екеуі де бітеу буын,неге?6 әріп,6 дыбыс бар.1 тасымалдану түрі бар.)

Тұлпар: тұл- пар (2 буын,2 бітеу буын,6 әріп,дыбыс бар,1 тасымалдану түрі бар.)

2.Есімдіктің түрленуі тақырыбы бойынша қайталау тест тапсырмалары

(10 сұрақ)

5.Жаңа тақырып,тақтамен жұмыс(слайд)

Қыран:Алты алаштың азаттығын аңсап-армандап,бостандық идеясын бүкіл шығармашылығыныңалтын арқауы еткен ұлтымыздың ұлы перзенті Мағжан атындағыфестиваль өңір басшысы Серік Біләловтың бастамасымен ұйымдастырылды.

Сұңқар: Міне, биыл ҚР-ның Тәуелсіздігіне 25 жыл толады.

Тұлпар: Еліміздің ХХІ ғасырға жаңа,жас мемлекет болып кірді.Енді бүгін қарасам.Айналам бақыт кең жатыр.Бір-бірімен туысқан,қол ұстасқан ел жатыр.

Сөйлемдерді оқып,етістікті тауып талдау жасау.

1 топқа сұрақтар.Осы сөйлемдегі етістіктерді тауып алайық.Етістік дегеніміз не?(заттың қимылын,іс-әрекетін,күй-жайын білдіретін сөз табы.Ал осы сөлемдегі етістіктерді тап:аңсап-армандап,еткен,ұйымдастырылды.Бұл қай кезде болып кеткен қимыл,іс-әрекет депойлайсыңдар?Дұрыс,бұл бұрын өтіп кеткен іс-әрекетті білдіріп тұр.Яғни,сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен іс-әрекет екен.)

2 топқа сұрақтар.(етістік толады.Бұл сөйлемдегі толады етістігі қай кездегі іс-әрекет,қимылды білдіреді.Дұрыс,бұл сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған,бірақ кейін болуға тиісті қимыл,іс-әрекетті білдіреді.)

3 топ сұрақтары.етістік-болып кірді,жатыр.Яғни бұл іс-әрекет сөйлеп тұрған уақытта болып жатқандығын айтып тұр.

- Дұрыс, ендеше балалар бүгінгі тақырып Етістіктің түрленуі,етістіктің шақтары туралы түсінік деп аталады.Етістік үш жақта қолданылып түрленеді екен.

Дәптермен жұмыс.

Желтоқсанның алтысы.

Сынып жұмысы.

Осы сөйлемдерді дәптерлеріне көшіріп жазады.

Анықтама:Етістіктің қимыл,іс-әрекетті білдіретіні белгілі,ал іс-әрекет,қимыл белгілі бір кезеңде іске асады,орындалады.Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған айқындалады.Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.



6.Морфологиялық талдау.

Қыран Сұңқар Тұлпар

Барғанмын оқырсың бармақ

Жазып отыр келіпті сөйлеп отырғансың

(әр топ бір оқушы тапсырманы тақтада орындайды,қалған оқушылар екінші сөзді дәптерге орындап,сөйлем ойлап жазады.)

Барғанмын:түбірі бар,негізгі етістік,-ған өткен шақ есімше жұрнағы,-мын жіктік жалғау 1 жақ.

Оқырсың: түбірі оқы,негізгі етістік –р келер шақ есімше жұрнағы,-сың 2 жақ жіктік жалғауы.

Бармақ:түбірі бар,негізгі етістік,-мақ келер шақ есімше жұрнағы.

Ендеше есімше мен көсемшенің жұрнақтарын атаңдар:

Етістік шақтарының жасалуы


Есімше

Көсемше

өткен шақ есімшелер

-ған,-ген,-қан,-кен

-ша, -ше

-дық, -дік, -тық,-тік,- дай, -дей

-сы, - сі

Осы шақ есімшелер



  • атын, -етін, -йтін, -йтын

Келер шақ есімшелер:

- ар, - ер, -р,-мақ, - мек, -бақ, -бек,- пақ, -пек.



Өткен шақ көсемше

  • ып, - іп, -п.

Осы шақ көсемше

  • а, - е, - й.

Келер шақ көсемше:

  • ғалы, -гелі, - қалы, - келі,

  • ғанша, - генше, - қанша,

  • кенше

Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалы етістік түбіріне



  • ды, - ді, - ты, - ті, - және, - мақ, -мек, - бақ, -бек,- пақ, -пек.

Жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Етістіктің шақтары


Осы шақ

Келер шақ

Өткен шақ

Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет. Мысалы: Аслан хат жазып отыр.

Сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған , бірақ кейін болуға тиісті қимыл, іс-әрекет. Мысалы: Асан ертең нағашы атасына бармақ

Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен қимыл, іс-әрекет. Мысалы: Мен жазда Астана қаласына бардым.


8. Оқулықпен жұмыс. 123 жаттығу.

1. Мұғалім мәнерлеп оқып шығады.

2. Мәтінмен жұмыс.

- осы мәтінде не туралы айтылады? /аққу/ бала барған кезде аққудың іс-әрекеті қалай суреттелген?Аққу қандай құс деп есептеледі? /Аққу – сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Оны киелі құс деп, көп халықтар құрметтеген. Біздің елімізде оларды аулауға тиым салынған./




Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

Ұшып келеді

Шашып тұр



Тіккенбіз

тыңдадым







9. Сабақты бекіту. Семантикалық карта.


Сөздер

Осы шақ

өткен шақ

Келер шақ

Жыртып жүр

+







Жазып отыр

+







Барар







+

Келмекші







+

Айтыппын




+




Оқыған едік




+




Келесіңдер







+

Барғанмын




+




Келіп отыр

+







Келіп кетпек







+



  • Сұрақтар:

  • Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесің?

  • Шақтың қандай түрлері бар?

  • Шақтың бірнеше түрге бөлінуі неге байланысты?


10. Сабақты қорытындылау.


білемін

білдім

Білгім келеді











11. Үйге тапсырма
71-73 бет. Анықтама, 124 – жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:

sborochnij-metod-material-dlya-podgotovki-otveti-na-bileti-k-gosudarstvennoj-itogovoj-attestacii-po-informatike.html
sbs-group.html
scada-sistemi-fix-i-ifix-rassmatrivaemie-voprosi-firma-intellution-i-ee-produkciya.html
scan-ocr-spellcheck-chububu-2006-stranica-3.html
scanning-skn-skanirovanie-obzor-poisk-razvyortka-scenario-nastoyashee-izdanie-slovarya-minimuma-anglijskih.html
scena-107-kolya-18-let-drug-tani-student-kulinarnogo-uchilisha.html
  • textbook.bystrickaya.ru/k-levkov-tel-aviv-university-israel-o-figovskij-nanotech-industries-inc-usa-california.html
  • institut.bystrickaya.ru/trebovaniya-k-urovnyu-podgotovki-vipusknikov-metodicheskie-posobiya-pourochnie-plani-po-uchebniku-a-v-perishkina.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/stoyanka-xxi-maks-fraj-zhalobnaya-kniga.html
  • doklad.bystrickaya.ru/velikolukskaya-gosudarstvennaya-selskohozyajstvennaya-akademiya-stranica-2.html
  • esse.bystrickaya.ru/psihodiagnostika-i-korrekciya-mezhlichnostnih-otnoshenij-v-gruppe.html
  • write.bystrickaya.ru/gaaga-22-26-aprelya-2002-goda-doklad-mezhpravitelstvennogo-komiteta-po-kartahenskomu-protokolu-po-biobezopasnosti.html
  • universitet.bystrickaya.ru/strukturnie-i-funkcionalnie-harakteristiki-poslovic-i-aforizmov-logiko-sintaksicheskaya-struktura.html
  • predmet.bystrickaya.ru/rezhisserskij-dnevnik-1905-g-stati-rechi-zametki-dnevniki-vospominaniya.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/o-vrednih-privichkah-i-o-borbe-s-nimi-kniga-ne-tolko-nauchit-rebenka-razmishlyat-o-raznih-storonah-zhizni-i.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uroka-russkogo-yazika-v-6-b-klasse-tema-oficialno-delovoj-stil.html
  • knigi.bystrickaya.ru/reki-krasnoyarskogo-kraya.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-1-predislovie-mezhdu-bolshimi-vojnami-vedetsya-vojna-tajnaya.html
  • textbook.bystrickaya.ru/ilya-stogov-otvertka-stranica-22.html
  • institut.bystrickaya.ru/tema-tamozhennoe-delo-i-tamozhennaya-politika-rossii-vo-vtoroj-polovine-xviii-v.html
  • reading.bystrickaya.ru/leonardo-da-vinchi-1982-god-stranica-11.html
  • literature.bystrickaya.ru/doklad-na-temu-proekt-planirovki-territorii-kv-30-rajona-kuncevo.html
  • pisat.bystrickaya.ru/testi-dlya-abiturientov-federalnij-centr-testirovaniya-testi-stranica-19.html
  • grade.bystrickaya.ru/obrazovatelnaya-programma-tip-programmi-srok-realizacii-programmi-kol-vo-chasov-v-nedelyu.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tehnicheskij-reglament-o-trebovaniyah-k-vibrosam-avtomobilnoj-tehnikoj-vrednih-zagryaznyayushih-veshestv-obespechivayushij-formirovanie-edinogo-ekonomicheskogo-prostranstva-respubliki-belorussiya-respubliki-kazahstan-i.html
  • education.bystrickaya.ru/1-svobodnoe-vospitanie-plan-shkola-i-pedagogicheskaya-misl-v-evrope-xvii-xviii-vekov-polozhenie-shkoli-v-germanii-xvii-stoletiya.html
  • credit.bystrickaya.ru/personalii-uchebnoe-posobie-prednaznacheno-dlya-studentov-aspirantov-prepodavatelej-uchebnoe-posobie-podgotovleno.html
  • studies.bystrickaya.ru/kletochnaya-teoriya-kletochnie-strukturi-citoplazma-plazmaticheskaya-membrana-eds-ribosomi-kompleks-goldzhi-lizosomi.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/prikaz-federalnoj-sluzhbi-po-ekologicheskomu-tehnologicheskomu-i-atomnomu-nadzoru-ot-31-iyulya-2009-g-n-667-stranica-13.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/poznovatelnoe-razvitie-detej-cherez-nravstvenno-patrioticheskoe-vospitanie-na-osnove-proekta.html
  • education.bystrickaya.ru/1-ceh-virabativaet-konfeti-600kgch-saharnoe-pechene-1000kgch-zefir-290kgch-i-shokolad-2500kgch-obem-ceha-4500m3.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/internet-marketing-3.html
  • grade.bystrickaya.ru/o-serebryanoj-niti-tihoplav-v-yu-tihoplav-t-s-velikij-perehod.html
  • doklad.bystrickaya.ru/urok-domashnee-zadanie-opredelennij-artikl.html
  • books.bystrickaya.ru/bhagavan-shri-radzhnish-kniga-feano-poetam-chast-1-2003-chast-1-iz-knigi-feano-poetam.html
  • letter.bystrickaya.ru/obshaya-himiya-akademicheskij-kalendar-studenta-i-kursa.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uchebnoe-posobie-osveshaet-naibolee-aktualnie-problemi-sovremennoj-teorii-i-praktiki-obucheniya-inostrannim-yazikam-a-takzhe-osnovnie-metodicheskie-kategorii-v-kontekste-novoj-obrazovatelnoj-politiki.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/vo-vtoroj-raz-v-ramkah-iv-mezhdunarodnogo-foruma-po-nanotehnologiyam-organizovana-specialnaya-molodyozhnaya-programma-dlya-shkolnikov-i-studentov.html
  • literatura.bystrickaya.ru/error404.html
  • student.bystrickaya.ru/37harakteristika-deyatelnosti-po-snizheniyu-detskogo-dorozhno-transportnogo-travmatizma.html
  • learn.bystrickaya.ru/fajl-rcfirewall-iptables-tutorial-9.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.